Арабия реферат
Опубликовал: Admin
14-05-2012, 20:08
Просмотров: 896
Комментарии: 0
Арабия – Азияның ең үлкен түбегі. Жері 3 млн. км3-ге жуық. Батысында Қызыл теңіз, оңтүстігінде Аден шығанағы мен араб теңізі, шығысында Оман мен Парсы шығанақтары қоршап жатыр. Ол – палеогеннің аяғы мен неогенде Қызыл теңіздің терең опырығысымен (грабенімен) бөлініп Евравзияға қосылған Африка қалқанының бір бөлігі.
Абылай хан реферат
Опубликовал: Admin
14-05-2012, 20:07
Просмотров: 600
Комментарии: 0
АБЫЛАЙ ХАН
(1711-1781)

АБЫЛАЙ, Әбілмансұр (1711 [Ресейдеректеріңде 1713] - 23.5.1781, Оңтүстік Казақстан, Арыс жағасы) - ұлы мемлекет қайраткері, қолбасшы және дипломат. Арғы тегі - Жошы хан, бергі бабалары Қазақ ордасының негізін салған Әз Жәнібек, одан соң Еңсегей бойлы Ер Есім хан, Салқам Жәңгір хан. А. - Жәңгір ханның бесінші ұрпағы. Жәңгір ханның Уәлибақы, Тәуке деген екі ұлы болады. Жәңгір қайтыс болып, таққа Тәуке отырғанда, Уәлибақы хандыққа өкпелеп, Үргенішті билеген нағашы атасы Қайып ханның қолына барады.
Ахмет Байтұрсынов реферат
Опубликовал: Admin
14-05-2012, 20:06
Просмотров: 1674
Комментарии: 0
Ахмет Байтұрсынов


Кезінде репрессияға ұшырап, қаза болған боздақтар қайта тірілді, сөнген жанып, жоғалған табылды. Алыптар қайта оралды.
Тұтас буынның төлбасы, кешегі Абай, Ыбырай, Шоқан салған ағартушылық, демократтық бағытты ілгері жалғастырушы ірі ғалым-тілші, әдебиет зерттеуші, түрколог, дарынды ақын-аудармашы Ахмет Байтұрсынов қалыптасқан дәстүрлі құжаттар бойынша айтқанда, қазіргі Қостанай облысы, Торғай атырабындағы, Сартүбек деген жерде ел арасында беделді, қайратты кісі Шошақұлы Байтұрсын шаңырағында 1873 жылы 18 қаңтарда дүниеге келген.
Бекболат батыр
Опубликовал: Admin
14-05-2012, 20:05
Просмотров: 769
Комментарии: 0
Кiсен үзген көтерiлiс
Бекболат батыр

1916 жылғы тарихи оқиғаға Оралдағы-10, Сырдариядағы-13, Cемейдегi-17, Ақмоладағы-27, Торғайдағы-60, Жетiсудағы-102 болыстың ер азаматтары қатысты. Жетiсуда тұратын қазақ, қырғыз, дұнғандардың ұлт-азаттық көтерiлiсi қазақ даласындағы қозғалыстың ең көлемi маңызды орталығына айналды. Олардың iрi ошақтары Асылдағы — Қызылбөрiк, Үшқоңырдағы — Жайылмыс, Қастек-Самсыдағы — Ботбай, Тайторы болыстарында болды.
Балдыр
Опубликовал: Admin
14-05-2012, 20:03
Просмотров: 891
Комментарии: 0
Балдыр

Жазда тоған суының кейде жасыл түсті болатынын байқймыз.Ал оның неден болатынын білесіңдер ме? Жылы тоған суында ерекше өсімдіктер балдырлар тез көбейе бастайды.Суды жасыл түске енгізетін солар. Егер сендер «жасыл» суды микроскоппен қарасаңдар,толып кішкентай түйіршіктерді көресіңдер - бұл балдырлардың шоғыры болып табылады.
Жер бетінде балдырлардың түрі өте көп.Олардың арасында ұзындығы 40 метрге жететін алыптары бар, олар мұхиттарда өседі.Бар болғаы бір клеткадан тұратын балдырлар да бар.Олар әдетте түйіршіктер шоғырына жиналады және су бетінде осындай сансыз шоғырлар түзіп,оның бетін түрлі түске бояйды.
Бөгенбай батыр рефераты
Опубликовал: Admin
14-05-2012, 20:03
Просмотров: 646
Комментарии: 0
Бөгенбай батыр
(1690 - I778)

Ақшаұлы Бөгенбай (1678-1175) – Жоңғар басқыншылығына қарсы азаттық жорығын ұйымдастырушылардың бірі, атақты батыр, ұлы қолбасшы. Шыққан тегі – Орта Жүздің Арғын тайпасының Қанжығалы руынан, есімдері әуелден елге мәлім болған батырлар әулетінен. Бөгенбай батырдың даңқты есімі кешелі-бүгінгі қалың қазақ даласын аралап, батырлық пен ерліктің рәмізіндей болып кеткелі қашан...
Батырдың атасы Әлдеуік – қазақтың атақты ханы Есім ханның атақты батырларының бірі болған. Ғұмырының дені атүстінде жортуылмен өткен. Қатағанның Тұрсын ханымен соғыстағы ерен ерлігі үшін оны Түркістанның әмірі етіп тағайындаған. Өз әкесі Әлдеуікұлы Ақша заманында дұшпанына бет қаратпаған айтулы батыр, айбынды қолбасшы сарбаздан тұратын әскерін басқарыпты. Үмбетей жыраудың: «Алатаудай Ақшадан, асып тудың Бөгенбай» деуі де, Ақшаның қандай айбынды батыр болғанын танытып тұрғандай.
Web-бет дизайны, HTML реферат
Опубликовал: Admin
14-05-2012, 20:02
Просмотров: 794
Комментарии: 0
Web-бет дизайны, HTML

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін ақпараттандыру еліміздің даму стратегиясының негізгі бағыттарының бірі, себебі ХХІ ғасыр – білім беру жүйесін ақпараттандыру ғасыры.
Информатика пәнінің орта білім беру жүйесіндегі ролі ақпараттық білімнің, ақпараттық орта мен адамның өзара қарым-қатынасын үйлесімді етудегі және жаңа ақпараттық қоғамда кәсіпкерлік қызметтің басты құрамды бөлігі болып табылатын ақпараттық бейнесін қалыптастырудағы алатын орнымен қамтамасыз етіледі.
Шәңгерей Сейіткерейұлы Бөкеев реферат
Опубликовал: Admin
14-05-2012, 20:01
Просмотров: 729
Комментарии: 0
Шәңгерей Сейіткерейұлы Бөкеев
(1847-1920)

Шәңгерей – ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басында қалыптасып, дамыған қазақ жазба әдебиеті өкілдерінің бірі. Ол Батыс Қазақстан облысының қазіргі Орда ауданында, Жасқұс құмында – хан ордасында дүниеге келген. Жәңгір ханның немересі. Ақын өзінің бір өлеңінде «Алпыс бөлме, жүз есік» көк орданың ішінде дүниеге келгенін айтады. Әкесі Сейіткерей Шәңгерей бес жасқа келгенде қайтыс болған. Бірақ жас Шәңгерей ауқатты ортада жетімдік көрмей өседі. Жасынан оқып, білім алады. Өнерге, өлең сөзге жас кезінен әуестенеді. Ордадағы медресені бітіріп, мұсылманша білім алғаннан кейін, Астраханьдағы реальды училищиге түседі. Одан кейін Орынбордағы Кадет корпусында екі жыл оқиды. Орыс тілін үйреніп, орыс әдебиеті, мәдениетімен танысады.
Батыс Қазақстан реферат
Опубликовал: Admin
14-05-2012, 20:01
Просмотров: 782
Комментарии: 0
Батыс Қазақстан

Батыс Қазақстан аймағы орталық пен оңтүстік Қазақстан және Орта Азия мемлекеттерінің қақпасы болып табылады. Ол республиканың солтүстік батысында орналасқан. Бай табиғи ресурстар, қолайлы географиялық мекен, Ресей қалалары мен өзге мемлекеттер арасындағы дамыған экономикалық байланыстар сыртқы экономикалық ынтымақтастықтың дамуына көп септігін тигізеді.
Шерхан Мұртаза реферат
Опубликовал: Admin
14-05-2012, 20:00
Просмотров: 1022
Комментарии: 0
Шерхан Мұртаза – жазушы,
аудармашы, қоғам қайраткері


Шерхан Мұртаза Қамалға арнаған бір хатында «жетпіс деген сөз Жет! Піс! деген екі сөзден құралады, яғни жетілген шағың, піскен кезің деген рас-ау», деген ой білдіріпті. Иә, ол рас, мен бұл сөзге көңіл аудармаушы едім. Осыны оқығаннан кейін маған бір ой келді. Мүмкін, әр санның өз мағынасы бар шығар. Қазір ойланып қарасам, бұл дұрыс айтылған ұғым екен. Рас, бұл жасқа жеткен де бар, жетпеген де бар. Шераға да осы жасқа жетіп қалыпты.